№26 аудандық кітапхананы жаңғырту жұмыстары аяқталды

№26 аудандық кітапхананы жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жақында Сейфуллин даңғылы 102 мекен-жайы бойынша орналасқан №26 аудандық кітапхананы жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жаңартылған кітапханадағы атмосфера өте жайлы, жағымды және демалыс үшін қолайлы, бұл кітапханаға келушілердің көбеюіне оң сер ететініне сенімдімін. Қазір мұнда қызмет көрсету режимі ұзартылды, интернетке шығу мүмкіндігі бар, әдеби клуб ашылды, ал кітапхана қоры 26 000 кітапқа дейін ұлғайтылды. Ауданда барлығы 5 кітапхана бар, олардың тағы екеуінде осыған ұқсас жұмыстар жүргізілуде. Мұнда әркім өз талғамына сай әдебиеттерді таба алады. Гаджеттер менды кітаптардың кең ауқымына қарамастан, кітаптардың баспа нұсқаларынан жақсы ештеңе жоқ.