Рысқұлов даңғылындағы көше баспалдақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталды

Рысқұлов даңғылындағы көше баспалдақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталды

Бұл учаскеде аялдама кешені және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі орналасқан, осыған байланысты жартылай бұзылған көтерілу жолы күн сайын жаяу жүргіншілердің үлкен ағынын өткізіп тұрды.
Тұрғындардың өтініші бойынша баспалдаққа таяныштарды орната отырып толық қайта жаңарту жүргізілді.
Сонымен қатар, ауданда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да шаралар қабылдануда.
Осылайша, қауіпсіз өту трафигі жоғары учаскелерде - Сүйінбай/Хмельницкий көшелері мен Бекмаханов көшесінің қиылысында абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды. Осы учаскелерде көлік қозғалысы жоғары болуына байланысты жаяу жүргіншілер үшін қауіпті еді, осыған байланысты қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қолайлы шешім қабылданды.
Жақында аудан әкімі Бақытжан Ақжаровтың бастамасымен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша кеңес өтті, онда келесі жылға арналған осы бағыттағы бірқатар шаралар мен іс-шаралар жоспары белгіленгенін айта кету керек.