Алматы, туған күніңмен!

Алматы, туған күніңмен!

Мереке қарсаңында Сейфуллин атындағы саябақта Алматы қаласының алда келе жатқан туған күніне арналған үлкен мерекелік концерт өтті.

Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Мерекелік бағдарламаға көптеген қала тұрғыны жиналып, бірге ән тыңдап, тынығып, сүйікті қаламыздың басты мерекелерінің бірін қарсы алды.

Осы кешті бізбен бірге өткізген баршаңызға рақмет!

Мереке құтты болсын!