Ауданда тағы бір жаңа демалыс орны пайда болды

Ауданда тағы бір жаңа демалыс орны пайда болды

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Паладин көшесі, 2 мекенжайында қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Мұнда балалар ойын кешендері мен воркаут алаңдары орнатылып, қауіпсіз жабын төселді.

Демалыс үшін пергола мен орындықтар қойылды. Сондай-ақ аумақ жарықтандырылып, жаяу жүргіншілер жолдары төселді, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, автоматты суару жүйесі орнатылды.

Бүгінде бұл демалыс орны учаске тұрғындарының жаңа бас қосатын орнына айналды.