«Желтоқсан» саябағында сенбілік өтті

«Желтоқсан» саябағында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Желтоқсан» саябағында аудандық сенбілік өтті. Санитарлық тазалық жұмыстарына кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар да қамтылды.

Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты.

Сенбілік барысында аумақ тазартылып, шамамен 110 м³ қоқыс шығарылды. Жұмыстарды жүргізуге 9 арнайы техника жұмылдырылды.

Қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс білдіреміз.