"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында

Биыл пандемия кезінде халықты әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Кейбір компаниялар қызметін тоқтатты немесе уақытша тоқтатты, осыған байланысты халықты жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысты күшейту қажет болды. Ағымдағы жыл "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданның 4500 - ден астам тұрғынына жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікке жәрдем көрсетілді: қоғамдық жұмыстарға 1676 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына - 124 адам, жастар практикасынан - 158 адам, кәсіптік курстардан - 104 адам өтті, тұрақты жұмысқа - 2279 адам, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобалары бойынша-35 адам жұмысқа орналастырылды, бизнес ашуға 143 адам грант алды. Әсіресе тамаша қолдауларды атап өтпеуге болмайды. Аудан тұрғындарының бірі, көпбалалы ана Алтын Сейілханова осы бағдарламаның арқасында 200 АЕК грантын алып, өз ісін бастады. Алтын Сейілханова 20 адам еңбек ететін тігін цехының жетекшісі, оның 14-і көп балалы аналар. Цех жеке қорғаныс құралдары мен арнайы киімдерді тігу бойынша ірі тапсырыстарды қабылдайды. Сонымен қатар, біз ауданды абаттандыру және жұмыс орындарын құру бағыттарын біріктіруге тырыстық. Біздің тұрғындар "Жұмыспен қамтудың жол картасов" әлеуметтік бағдарламасымымен таныс, себебі оның аясында ауданы инфрақұрылымын жақсарту және абаттандыру бойынша 23 жоба әзірленді, олар саябақтар мен скверлер, арық желілерін салу, тұрғындар үшін демалыс орындарын құру жәна тағы басқалар. Бұған дейін біз жүзеге асырылған 18 жобаның кейбірі туралы айтқан болатынбыз, тағы 5 жоба бойынша жұмысты жалғастырудамыз, осы жұмыстар бойынша аумақтарын абаттандыру жүргізілуде. Осы бағдарламаның арқасында 1407 уақытша жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 704 жұмыссыз тартылды. Аула аумақтарын ағымдағы және күрделі жөндеу үшін 878 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 400-ге жуық орын жұмыссыз қалған адамдарға берілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері аудан әкімдігінің қолдауымен ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында 3023 тұрақты жұмыс орны құрылды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз.