
Бүгінде Жұлдыз шағын ауданындағы аула аумақтарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл абаттандыру жұмыстары Жұлдыз-1 шағын ауданындағы 18–18А үйлердің және Жұлдыз-2 шағын ауданындағы 45–46 үйлердің ауласында жүргізілуде.
Қазіргі таңда жұмыстардың орындалу деңгейі шамамен 65–70%-ды құрайды.
Күрделі жөндеу аясында аулаларды кешенді жаңарту көзделген. Атап айтқанда, шағын сәулет нысандары, тартан жабыны мен төсемтастар ауыстырылып, жаңа асфальт жабыны төселеді. Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылып, жарықтандыру тіректері ауыстырылады.