Ауданда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілік өтті

Ауданда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілік өтті

Майлин көшесіндегі Бас Қарасу өзенінің арнасын бойлай аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтарды да қамтыды.

Санитарлық тазалық жұмыстарына 230-дан астам адам қатысып, қоқыс жиналып, шығарылды, аумақ тазартылып, оған іргелес учаскелер ретке келтірілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша шамамен 75 текше метр қоқыс, яғни 5 жүк көлігімен қоқыс шығарылды.

Аудан аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.