
2026 жылы жалпы ұзындығы 16,6 км болатын 23 көшені орташа жөндеумен қамту жоспарлануда. Оның ішінде жалпы ұзындығы 8,4 км болатын 20 орамішілік көше және жалпы ұзындығы 8,2 км болатын 3 магистральды көше бар.
Бүгінде төрт учаскедегі жұмыстар толық аяқталды:
✔️ Құлжа трактісі;
✔️ Даналық көшесі;
✔️ Ақан сері көшесі;
✔️ Шемякин көшесі.
Қазіргі уақытта қалған нысандарда жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
Орташа жөндеу жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, көлік қатынасының қолжетімділігін жақсартуға және аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.