Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкесі

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкесі

Осы демалыс күндері Алматының Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшесінің қиылысында жаңа демалыс күнгі жәрмеңке ашылады.

Жәрмеңкеде Алматы облысы Райымбек ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімін ұсынады. Фермерлік шаруашылықтардың тікелей қатысуы тұрғындарды делдалсыз, қолжетімді бағамен сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Демалыс күнгі жәрмеңке әр сенбі және жексенбі сағат 09:00–ден 18:00–ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

* Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы;

* Әуезов ауданы — Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

* Медеу ауданы — Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

* Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

* Жетісу ауданы — Құлагер шағынауданы;

* Түрксіб ауданы — Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшесінің қиылысы.