
Сенбілік Ержанов көшесі, 36 мекенжайында, сондай-ақ оған іргелес аумақтар мен кәсіпкерлік нысандарында ұйымдастырылды. Іс-шараға 450-ден астам адам қатысты.
Сенбілік барысында қоғамдық кеңістіктерге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақтар тазартылды, тұрмыстық қалдықтар жиналып, сыртқа шығарылды.
Акция қорытындысы бойынша аудан аумағынан 90 текше метр қоқыс шығарылды.