
Түрксіб ауданының әкімі Дамир Нұрсұлтанұлы Әкежанов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аппаратымен қызметкерлерімен салтанатты жиын өткізді.
Салтанатты жиынды аша отырып, аудан әкімі аппарат қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Бұл күн коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әлмахан Мирас Ғаниұлы үшін ерекше мәнге ие болды. Ол ретінде салтанатты түрде мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Ант қабылдау рәсімінен кейін аудан әкімі қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген аппарат қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.
Атап айтқанда, Ахметова Айгүл Махмутқызы ұлы Жаңбыров Фархад Мұратұлына лайықты тәрбие бергені үшін Алматы қаласының әкімі Д. А. Сатыбалдының алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының және аудан әкімінің алғыс хаттары да табысталды.
Аудан әкімі барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, қызметте табыс, жаңа жетістіктер және мемлекет игілігі жолындағы жемісті еңбек тіледі.
Түрксіб ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әбдікерімова Жанна Едилқызы қызметкерлерді құттықтай отырып, мемлекеттік қызметші болу – ерекше құрмет пен жоғары жауапкершілік екенін атап өтті. Бұл жолды таңдаған әрбір адам қоғамға қызмет ету, азаматтардың мүддесін қорғау және мемлекеттің дамуына үлес қосу міндетін өз мойнына алады. Мемлекеттік қызмет жоғары кәсібилікті, адалдықты, өз ісіне берілгендікті және ел игілігі үшін еңбек етуге дайын болуды талап етеді.
Сондай-ақ Жанна Едилқызы қызметкерлерге мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Ол қызметтік тәртіптің жоғары деңгейін сақтау, мінез-құлықтың мәдениеттілігі мен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.