Сәлеметсіздер ме! 21 қазан күні сүйікті қаламыз Алматыда жаңа мурал пайда болды. Мурал- сөзі ағылшын тілінен аударғанда – «қабырғадағы сурет» деген мағынаны білдіреді. Бұл толық өнер туындысы болып табылатын және граффитиден өзге стрит арт нысаны. Көз жауын алатын бұл мурал көше тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді. Түрксіб ауданындағы бұл мурал этникалық стилде салынған. Эскиз фотограф Наталия Пельцтің жұмыстарының бөлігінің суреті бойынша және суретші Әсел Шалабаеваның костюмдерімен бірлесіп құрылған. Әсел Шалабаеваның костюмдерін 2019 жылғы <Томирис> <Көшпенділер> Фотожоба <Ішкі сұлулықты ашу>филімдерінен көруге болады. Көркемөнер саласындағы, әртістер, суретшілер, музыкант әйелдер атсалысқан. Жоба демеушілік қаржысымен іске асырылған, сонымен қатар суретшіге шығармашылық бастама орталығы да қолдау көрсеткен. Бұндай ертегіні Әуежайға баратын Монтажный көшесі 2 үйдің қабырғасынан көруге болады. Біздің ауданға келіңіздер және соңғы кездері ауданымыздың қалай өзгергенін көресіздер