Жақында жұмыс сапары барысында Әлмерек шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, проблемалық мәселелер талқыланды. Соның бірі-шағын ауданды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету. Электр қуатын беруді тұрақтандыру үшін қуаты 630 кВА қосымша трансформаторлық қосалқы станция орнату туралы шешім қабылданды, бұл желіге жүктемені қалыпты бөлуге мүмкіндік береді. Шағын ауданда 4 орталық қосалқы станция жұмыс істейтінін айтқымыз келеді. Қазірдің өзінде аудан әкімдігінің қызметкерлері Талғар АЭЖ-мен бірлесіп трансформаторларды іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Әлмерек шағын ауданын электрмен жабдықтау мәселесін шешу үшін Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы желілер құрылысының жобалық-сметалық құжаты әзірленді