Құрметті аудан тұрғындары, қазіргі уақытта «Қатысу бюджеті» бағдарламасы аясында жобаларға дауыс беру жүргізіліп жатқанын еске саламыз. Ыңғайлы болу үшін онлайн-дауыс беру және қағаз түрінде - жеке аудандық әкімдіктерге немесе Открыть Алматы фронт-офисіне (Абай даңғылы, 90) бару қолжетімді болып табылады. Онлайн-дауыс беру үшін қажет: 1) budget.open-almaty.kz порталдағы «дауыс беру» бөліміне өту; 2) ұнаған 3 (үш) артық емес жобалық ұсынысты таңдау; 3) дауыс беруді растаудың неғұрлым ыңғайлы тәсілін - ЭЦҚ немесе SMS-код арқылы айқындау қажет. Қағаз түрінде дауыс беру үшін келесілер қажет: 1) кез келген аудан әкімдігіне немесе Открытый Алматы фронт-офисіне бару, өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет; 2) жергілікті жерде берілген ағаз нысанды толтыру; 3) толтырылған нысанды дауыс жинау жәшігіне тастауға міндетті. Жобаны іске асыруға рұқсат алу үшін жобалық ұсыныс Алматыда тіркелген тұрғындардың 10-нан астам дауысын жинауы тиіс. Бір тұрғын 3 (үш) жобалық ұсынысқа ғана дауыс бере алады. Алматы қаласында тұрақты тіркелген тұрғындар өздеріне ұнаған жобаларға таңдау жасап, дауыс бере алады. Дауыс беру ағымдағы жылдың 23 қарашасына дейін жалғасады.