
Эколог күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық акция Жарбұлақ өзенінің арнасы бойында және оған іргелес аумақтарда өтті.
Сенбілік барысында аумақты санитарлық тазарту, қоқысты жинау және шығару, қоғамдық кеңістіктерді, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға қатысқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз!