
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан аумағында мектеп оқушыларының, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің және медицина мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен патриоттық іс-шаралар өтті.
Мерекелік іс-шаралар аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, тәуелсіз Қазақстанның басты рәміздеріне, оның тарихы мен ұлттық құндылықтарына деген құрметтерін білдірді.