Тұрғынның өтініші бойынша кезекті жұмыс сапары жүргізілді

Тұрғынның өтініші бойынша кезекті жұмыс сапары жүргізілді

Жуырда тұрғынның өтініші негізінде Жас Қанат шағын ауданына барып, аула аумақтарының жекелеген учаскелерін, абаттандыру элементтерінің жай-күйін, сондай-ақ аумақты күтіп ұстау және тазалау мәселелерін талқыладық.

Тексеру қорытындысы бойынша абаттандырудың жекелеген элементтерін қалпына келтіру, аумақтың санитариялық тазалығын күшейту және қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау сапасына бақылауды арттыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.