«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне құжат қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне құжат қабылдау басталды

Құрметті қала және Түрксіб  ауданының тұрғындары!

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне құжат қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

Конкурстың мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, адамгершілік пен руханиятты нығайту, өнегелі отбасыларды насихаттау және отбасы мәртебесін арттыру.

Конкурс аясында:

* жауапты ата-аналық пен ерлі-зайыптылық құндылықтары насихатталады;

* бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі айқындалады;

* үлкенге құрмет, ата-анаға қамқорлық көрсету дәстүрі дәріптеледі;

* қазақстандық отбасының жағымды бейнесі қалыптастырылады.

Өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қағаз және электрондық форматта қабылданады.

байланыс телефондары; 2 23 11 15,        8 775 216 55 45

«Мерейлі отбасы» – берекелі отбасының мәртебесін арттыратын маңызды жоба!