
Аудан әкімі Д.Әкенжанов есептік кездесу барысында ауданның дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы, абаттандыру жұмыстары және инженерлік желілерді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, ағымдағы кезеңге арналған жоспарлар да айтылды, оның ішінде қоғамдық кеңістіктерді одан әрі дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік жобаларды іске асыру қарастырылды.