
Нысандардың санитарлық жағдайы, іргелес аумақтардың күтімі, ескерткіштер, тақталар және шағын сәулеттік нысандардың жай-күйі тексерілді. Аумақты тазалау, көгалдандыру, жаяу жүргінші жолдарының, жарықтандырудың және абаттандыру элементтерінің жағдайына ерекше назар аударылды.
Барлық мемориалдарды тиісті қалыпқа келтіру және анықталған ескертулерді жедел жою бойынша салалық қызметтерге тапсырмалар берілді.