Аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті

Аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті

Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдерінің қатысуымен нысандардың қасбеттері мен кіреберіс топтарын қолданыстағы Дизайн-код талаптарына сәйкестендіру мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Алдымен жұмыстар Шолохов, Зорге, Станкевич және Майлин көшелерінің бойында орналасқан нысандарды қамтиды. Негізгі мақсат — көрнекі шуды азайтып, қалалық ортаның біркелкі, ұқыпты әрі заманауи келбетін қалыптастыру.

Дизайн-код талаптарын іске асыру кезең-кезеңімен жүргізіліп, алдағы уақытта ауданның барлық нысандарын қамтиды.

Қасбеттерді жаңарту жұмыстары жақын уақытта басталады.