«Таза Қазақстан» бастамасы аясында кезекті сенбілік өткізілді

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында кезекті сенбілік өткізілді

Негізгі жұмыстар Қайрат шағын ауданында – Д. Қонаев атындағы ӨК аумағында, сондай-ақ Волочаевская көшесі бойымен Қарасу өзенінің арнасы жағасында жүргізілді.

Акцияға 750 адам қатысты, оның ішінде 350-і негізгі учаскелерде тікелей жұмыс істеді. Жұмыстарды орындау үшін 17 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында аула аумақтары мен жағалау аймағында кешенді санитарлық тазалау жүргізіліп, қатты тұрмыстық қалдықтар мен бұтақтарды қоса алғанда 96 м³ қоқыс шығарылды.

Атқарылған жұмыстар бекітілген аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Бірлескен еңбектің нәтижесінде ауданымыздың тазалығы мен жайлылығы арта түсуде.