Түрксіб ауданы әкімі Д.Н. Әкежановтың төрағалығымен ПИК, БК, МИБ ұйымдарының кеңесі өтті

Түрксіб ауданы әкімі Д.Н. Әкежановтың төрағалығымен ПИК, БК, МИБ ұйымдарының кеңесі өтті

Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Әкежанов қызмет көрсетуші ұйымдар мен басқару органдарының басшыларымен жылыту маусымының қорытындысы бойынша кеңес өткізді.

ТКШ бөлімінің басшысы С.С. Баясыл жылыту маусымының қорытындысы туралы баяндап, апаттар санын азайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жұмысты тиімді жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Кеңес барысында жылу, су, электр энергиясын жеткізуші ұйымдардың басшыларының алдағы жылыту маусымына дайындық жоспарлары мен есептері тыңдалды. Сондай-ақ «ENABLE – Тұрақты және энергия тиімді қала үшін азаматтық қоғам» жобасы аясында басқару органдары басшылары мен пәтер иелерінің энергия тиімділігі бойынша білімін арттыруға бағытталған біздің қауымдастықтың жұмыс жоспары ұсынылды.

Аудан әкімі Д.Н. Әкежанов Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күніне орай бірқатар азаматтарды грамоталармен марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында:

АКСП «Тұран» қауымдастығының мүшелері:

КСК «Алтын дан» төрайымы Сдобникова Лариса Борисовна

УК «Сервис комфорт» директоры Тойшибеков Талгат Абдикадирович

ПК «Энергетик» технигі Тажибаева Мирзаим Сапаевна

«Ерсак» ЖШС электригі Уалиев Бакерген Шамешович

«Земцов» ЖК бригадирі Кадыров Коммунар Камилович

«ОТК» ЖШС сантехнигі Байгожин Жандос Амантаевич

Алматы қалалық «Аманат» партиясы филиалының грамоталарымен марапатталғандар:

 Апаттық-техникалық қызметтердің басшылары:

Земцов Александр Евгеньевич

Орумбаев Талгат Кубенович