
Алматы қаласындағы Әуежай көлі аумағында «Спорт – достық алаңы» жобасы аясында жасөспірімдер командалары арасында су туризмі бойынша «Көктемгі старт» атты біріншілік өтті.
Жарысқа қаланың барлық ауданынан командалар қатысты. Қатысушылар су туризмі бойынша дағдыларын, үйлесімді командалық жұмысты және жақсы дене дайындығын көрсетті.
Жас спортшылар судағы түрлі кезеңдерден өтіп, жылдамдық, дәлдік және өзара әрекет бойынша сынға түсті.
Іс-шара жасөспірімдер спортын дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында су туризміне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.