
Жұмыстар негізгі учаскелерде: Желтоқсан саябағында, Әуежай көлінің оңтүстік жағалауында, сондай-ақ Майлин көшесі бойындағы Бас Қарасу өзенінің арнасы бойында ұйымдастырылды.
Негізгі назар ортақ пайдаланылатын аумақтарды тазалауға, жағалау аймақтарын ретке келтіруге және рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюға аударылды.
Акцияға 2000-нан астам ұйым қызметкерлері, коммуналдық қызмет өкілдері және ауданның белсенді тұрғындары қатысты. 23 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік қорытындысы бойынша 140 м³ қоқыс жиналып, шығарылды.
Қатысқан әрбір жанға алғыс білдіреміз.
#тазақазақстан #tazaqazaqstan