
Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Б.Д.Байділдаевтің төрағалығымен МЖД (КСК, УК, ОСИ) басқару органдары басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында тұрғын үйлерді сапалы басқару, энергия үнемдеу қағидаларын сақтау қажеттілігі, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде үйлерді термомодернизациялау мәселелері талқыланды.
АКСП «Тұран» ұйымының басшысы Б.С. Жүніспаева ENABLE — «Тұрақты және энергия тиімді қала үшін азаматтық қоғам» жобасын, сондай-ақ АКСП «Тұран» базасында ресурстық орталық құру бастамасын таныстырды.