Қар тазалау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда

Қар тазалау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда

25 ақпанда 22 см. қар жауды, бұл айлық норманың 58%-ын құрайды.

Аумақты қысқы күтіп-ұстау жұмыстары бекітілген регламентке және Алматы қаласын абаттандыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуда. Ең алдымен магистральді көшелер, жолдың жүріс бөлігі және қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Сонымен қатар жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп, қар массалары қалыптастырылып, кейіннен сыртқа шығарылуда.

Қарқынды жауын-шашын кезеңінде қосымша техника мен жол жұмысшылары жұмылдырылады. Жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, баспалдақ түсетін орындар және қоғамдық кеңістіктер көктайғақтың алдын алу мақсатында тазартылып, өңделуде.

Коммуналдық қызметтердің жұмысы аудан аумағында тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруын қысқа мерзімде қамтамасыз етуге бағытталған.

Тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймыз, коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істеуде.