
Аудан әкімі Д.Әкежанов аудан тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізіп, алдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісті.
Негізгі бағыттардың бірі — инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Мамыр айында Қайрат шағын ауданында желілер құрылысының екінші кезеңі аяқталады. Нұршашқан шағын ауданында, сондай-ақ Ақан Сері – Шолохов – Сейфуллин көшелері шаршысында іске қосу-реттеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар қамтылмаған аумақтарда жаңа инженерлік желілер салу жобаларын іске қосу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, бірқатар учаскелерде жылумен жабдықтау желілері мен қазандықтарды реконструкциялау, сондай-ақ электр беру желілерін жаңғырту көзделген.
Әлеуметтік инфрақұрылым саласында:
2026 жылы 4 жайлы мектепті іске қосу, сондай-ақ тағы 6 білім беру нысанын реконструкциялау және бұзып қайта салу жоспарланған. Биыл жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория мен емхананың құрылысы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар 6 денсаулық сақтау нысаны бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ аудан аумағында жолдарды жөндеу, аулаларды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған.
Жоспарларды таныстырғаннан кейін ашық диалог форматында пікір алмасуға көштік. Тұрғындардың барлық ұсыныстары мен сұрақтары жұмысқа қабылданды.