
Ауданда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Жоғары мемлекеттік наградалар балаларын тәрбиелеуге және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бар күш-жігерін арнаған көпбалалы аналарға берілді. Бұл – олардың зор еңбегі, қамқорлығы, төзімі мен күнделікті жауапкершілігіне көрсетілген құрмет және ізет белгісі.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, татулық және әр шаңыраққа жылулық тілейміз.