Чехов көшесі, 17В мекенжайындағы үй тұрғындарымен кездесу

Чехов көшесі, 17В мекенжайындағы үй тұрғындарымен кездесу

Кездесу барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін басқару, меншік иелері мен қызмет көрсетуші ұйымдар арасындағы жауапкершілікті бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының нормаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Тұрғындарға ортақ үй мүлкін күтіп-ұстау және пайдалану тәртібі, ұжымдық шешім қабылдау тетіктері мен меншік иелерінің құқықтары бойынша түсіндірмелер берілді. Жекелеген мәселелер тиісті қызметтермен бірлесіп қосымша пысықтауға алынды.