
Аудандық маңызы бар көше-жол желісін санитарлық жағынан күтіп ұстауды қамтамасыз ететін мердігерлік ұйым «DM Stroy Company» ЖШС өндірістік базасына жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Тексеру барысында арнайы техниканың бар-жоғы, қызметкермен қамтамасыз етілуі және материал қоры қаралды. Компания қойылған міндеттерді орындауға қажетті еңбек және материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген.
Кәсіпорынның штаттық саны шамамен 100 адамды құрайды. Жұмыстар жоспарлы режимде жүргізілуде. Аудан аумағын күтіп ұстаудың сапасына бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылып отырады.