
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 қаулысын орындау мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің аппараттарының лауазымды тұлғалары жеке мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.
Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының регламентіне сәйкес аудан әкімі Дамир Нұрсұлтанұлы Акежанов азаматтарды апта сайын, сейсенбі күндері сағат 10:00-де Түрксіб ауданы әкімінің аппараты ғимаратында (мекенжайы: Шолохов көшесі, 9, 108-кабинет) қабылдайды.
Қабылдау алдын ала жазылу арқылы кезек тәртібімен жүргізіледі.
2026 жылдың 3 ақпанында аудан әкімі Д.Н. Әкежанов азаматтарды қабылдады. Қабылдауға әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары және ауданның коммуналдық қызметтерінің өкілдері қатысты. Қабылдауда 16 мәселе бойынша 14 азамат қабылданды.
Қабылдау барысында коммуналдық сипаттағы, құқықтық және әлеуметтік мәселелер, инженерлік және жол инфрақұрылымына қатысты мәселелер, жол белгілерін орнату және бейнебақылау камераларын орнату мәселелері көтерілді. Қабылдау қорытындысы бойынша әрбір мәселе бойынша орындалу мерзімдері көрсетілген аудан әкімінің хаттамасы дайындалды. Әкімнің тапсырмаларының орындалуын бақылау ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөліміне жүктелді.