Күн сайын қоқыс шығаруға арнайы 2 бірлік техникасы мен 10 жұмысшы жұмылдырады

Күн сайын қоқыс шығаруға арнайы 2 бірлік техникасы мен 10 жұмысшы жұмылдырады

Ауданда өзен арналарын тазарту жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы күнделікті жұмыстарға қарамастан шығарылатын қоқыс көлемі төмендемейді. Жағалаудағы қоқыс үйінділерін көбінесе белгісіз тұлғалалар пайдаланып, олар құрылыс және тұрмыстық қоқыс қалдықтарын қалдырады. Жаз басталғалы бері 93 210 текше метр қоқыс шығарылды, күн сайын жұмысқа арнайы 2 бірлік техникасы мен 10 жұмысшы жұмылдырады. Түрксіб ауданында Қарасу, Бас Қарасу, Кіші Алматы, Жарбұлақ және Сұлтан Қарасу өзендерінің 5 арнасынан ағып өтетінін айта кеткіміз келеді. Табиғатқа деген осындай көзқарастың зиянды әсері туралы барлығы біледі және қолда бар табиғи ресурсстарды барынша қорғау біздің ортақ міндетіміз болып табылады. Осындай құқық бұзушылықтардың куәгері болған тұрғындарды аудан әкімі аппаратың абаттандыру бөліміне 235-26-92 және +7 747 179 9256 нөмірі бойынша хабарласуына шақырамыз