Қолданыстағы заңнама талаптарын және оларды сақтау тәртібі

Қолданыстағы заңнама талаптарын және оларды сақтау тәртібі

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15 пайыздық шекті сауда үстемесін сақтау мәселелері бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері жұмыс тәртібімен кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын және оларды сақтау тәртібін жеткізуде.

Аудан кәсіпкерлерін белгіленген нормаларды қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл бағаның өсуін тежеу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара.