
Құрметті кәсіпкерлер!
2026 жылдың басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізбесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз: атаулар саны 19-дан 31-ге дейін артты.
Жаңартылған тізбемен танысып, ӘМАТ тізіміне кіретін тауарларға белгіленген сауда үстемесін қатаң сақтауыңызды сұраймыз. Сауда үстемесінің шекті мөлшері 15 пайыздан аспауға тиіс.
Өзара түсіністік пен бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамыз.
Өз кезегінде, белгіленген шекті сауда үстемесін сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.