"Асселим" әлеуметтік ателье ашылды

"Асселим" әлеуметтік ателье ашылды

Ауданда Жұлдыз-1, 31А үй мекен-жайында алғашқы "Асселим" әлеуметтік ательесі ашылды. "Бақытты отбасы" көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін аудандық әлеуметтік орталықта қажетті білім алып, көп бала ана Алтынгүл Сейілханова «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша грант алып және өз киім ательесін ашты.   Бүгінде Алтынның цехында көп балалы аналар жұмыс істейді, оларды орталықта өзі оқытады. Естеріңізге сала  кетсек, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан аналар, мүмкіндігі шектеулі әйелдер үшін "Бақытта отбасы" орталығының базасында "Іскер ана" қолөнер орталығы ашылды. Онда тігін және киіз ісі, люнивлді тігісі, құрақ көрпе, тоқыма тоқу және ұлттық киім тігу бойынша курстар өткізіледі. Жыл басынан бері орталықта 817 адам білім алды. Ауданда тағы 236 көпбалалы ана грант алды, олардың 3-і инновациялық жобаларды қорғағанын айта кету керек