
Биыл ауданның негізгі магистральдарында, жаяу жүргіншілер аймақтарында және қоғамдық кеңістіктерінде біртұтас жарық орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мерекелік безендіру ауданның негізгі көшелері мен маңызды нысандарын қамтыды. Атап айтқанда: Сүйінбай, Майлин, Бұқтырма, Б. Хмельницкий көшелері, С. Сейфуллин даңғылы, Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы («Арбат»), Алматы-1 вокзалы маңы, Әуежай алдындағы сквер және № 6 Оқушылар үйі жанындағы алаң мерекелік кейіпте безендірілді.
С. Сейфуллин даңғылының Молдағалиев көшесінен Алматы-1 вокзалына дейінгі бөлігінде 194 элементтен тұратын «Жұлдызды аспан» жарықдиодты композициясы орнатылды. Сонымен қатар ауданның негізгі көшелері мен көлік айрықтарында 488 жарық тіреуіші орнатылып, Майлин көшесінің бөліп тұратын жолағындағы 300 ағаш гирляндалармен безендірілді.
Көпір құрылыстарына да ерекше көңіл бөлінді — екі автокөлік көпірі жарық элементтері мен гирляндалармен сәнделді.
Ауданның қоғамдық кеңістіктерінде 19 шағын сәулеттік пішін орнатылды. Олардың қатарында тақырыптық композициялар, аркалар, жарық мүсіндер, жаңа жылдық инсталляциялар мен фотозоналар бар. Бұл нысандар скверлерде, Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер арбатында, Алматы-1 вокзалы маңында, Жас Қанат шағынауданында және № 6 оқушылар үйінің аумағында орналастырылды.
Мерекелік иллюминация қазірдің өзінде ауданға жылулық пен қуаныш сыйлап, айналаны жарыққа және жаңа жылдық көңіл-күйге бөледі.