Ауданның басты шыршасының шамдары жағылды

Ауданның басты шыршасының шамдары жағылды

Ауданда көптен күткен оқиға — ауданның басты жаңа жылдық шыршасының шамдарын жағу рәсімі салтанатты түрде өтті.

Мерекелік кешке түрлі жастағы тұрғындар жиналып, нағыз жаңа жылдық ғажайыптың атмосферасын сезінді. Қонақтар үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының, шығармашылық ұжымдар мен әртістердің қатысуымен тамаша концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада жаңа жылдық ертегі өрбіп, Аяз ата мен Ақшақар балалармен бірге қол ұстасып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңа жылдық шыршамыздың жарқыраған шамдары әрбір үйге қуаныш, игі өзгерістер мен береке әкелсін!