Тәуелсіздік күніне орай футзал турнирі өтті

Тәуелсіздік күніне орай футзал турнирі өтті

Тәуелсіздік күніне орай және “Спорт – достық алаңы” акциясын қолдау мақсатында Түрксіб ауданы әкімінің кубогына арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы футзал турнирі жоғары деңгейде өтті.

Турнирге ауданның 8 мемлекеттік мекемесінен құралған командалар қатысып, спорттық шеберлік пен командалық рухты паш етті. Жарыс достық пен өзара құрмет атмосферасында өтіп, қатысушылар белсенділік пен жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталып, аудан әкімінің атынан кубоктар, медальдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.