
«Дамубала» қызмет көрсетшілері Түрксіб ауданы әкімдігі аппаратының бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және «Спорт – достық алаңы» акциясын қолдау мақсатында 11–13 жас аралығындағы оқушылар арасында «Көңілді старт» спорттық іс-шарасын өткізді.
Жарысқа 4 команда, әрқайсысында 7 қатысушыдан қатысты.
«Көңілді старт» бағдарламасы 5 кезеңнен тұрды, нәтижесінде 2 жеңімпаз команда анықталды.
Жеңімпаздарға дипломдар, ал барлық қатысушы командаларға мақтау қағаздары табысталды.
Іс-шараға қатысқан әрбір оқушы естелік грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.