
400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грант жаңа кәсіп бастаушыларға үлкен мүмкіндік беріп келеді. Биыл Түрксіб ауданындағы Отбасын қолдау орталығында 218 азамат кәсіпкерлік курстарын аяқтап, оның ішінде 20 қатысушы 400 АЕК (1 572 800 тг) грантқа ие болды.
Грант иегерлері тігін ісі, спорт орталықтары, ағылшын тілі кабинеттері, сұлулық салондары, пайдалы тағам өндірісі, клининг және басқа да бағыттар бойынша өз бизнесін ашты. Әсіресе тігін саласы қарқын алып, 5 кәсіпкер өз шеберханасын іске қосты.