Түрксіб ауданында коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Түрксіб ауданында коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Қар қалың түскен алғашқы сағаттардан бастап мердігер ұйымдардың барлық ресурстары ауа райының қолайсыздығы салдарын жоюға жұмылдырылды.

Жұмыстарға 400-ден астам жол жұмысшысы тартылып, 113 бірлік арнайы техника іске қосылды.

Көлік айрықтарына, магистралдық, қалалық және аудандық көшелерге, жерасты және жерүсті өткелдеріне, тротуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына және аулаішілік аумақтарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Күшейтілген режимде келесі кешенді санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда:

— қар тазалау;

— жолдар мен тротуарларды тазалау;

— көктайғаққа қарсы материалдар себу;

— ауданның негізгі көшелері бойынша қар үйінділерін жинау үшін техника тобын қалыптастыру.

Барлығы 940 тонна көктайғаққа қарсы қоспа пайдаланылды.

Жұмыстар аудан көшелері толықтай талапқа сай жағдайға келтірілгенше тәулік бойы жалғасады.