«Спорт – Достық алаңы» жобасы жалғасуда

«Спорт – Достық алаңы» жобасы жалғасуда

Түрксіб ауданында аула бастамаларын қолдауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Спорт – Достық алаңы» жобасы жалғасуда.

Бағдарлама аясында түрлі турнирлер, флешмобтар, отбасылық сайыстар мен барлық жас санатындағы тұрғындарға арналған спорттық шаралар өткізіліп келеді.

Баума тоғайында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушыларының қатысуымен скандинавиялық серуен өтті. Қатысушылар сергіп, таза ауада денсаулықты нығайтуға мүмкіндік алды.

Жоба тұрғындардың белсенді демалысын ұйымдастыруға ықпал етіп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.