Өзен арналарын тазалау жұмыстары

Өзен арналарын тазалау жұмыстары

Ауданның мердігерлік ұйымы өзен арналары мен Аэропорт көлінің іргелес аумағын кешенді санитарлық тазалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Тиісті санитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 3 бірлік арнайы техника және 14 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Олар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, қоқысты шығару, айналасындағы аумақты тазалау және су айдындарын алдын алу мақсатында күтіп-ұстау жұмыстарын атқарады.

Бүгінде жұмыстар Бас Қарасу, Кіші Қарасу, Жарбұлақ өзен арналары мен Аэропорт көлінің іргелес аумағында жүргізілуде.