
Қаланың Экология және қоршаған орта басқармасы экологиялық тұрғыдан тиімді, қауіпсіз әрі эстетикалық талаптарға сай жерастылық контейнер алаңдарын орнату жобасын жүзеге асыруда.
Ауданда барлығы 46 алаңшада 151 жерастылық контейнер орнату көзделген.
Қазіргі күні 46 алаңшаға 151 контейнер толық орнатылды, жұмыстар жалғасып жатыр. Оның ішінде Майлин және Зорге көшелеріндегі көпқабатты үйлердің аумақтарында да жұмыстар жүргізілуде.
Жерастылық жүйе:
✓ иістерді азайтуға және қоқыстың шашылуын болдырмауға;
✓ аулалардың санитарлық жағдайын жақсартуға;
✓ қалалық ортаның сыртқы келбетін арттыруға;
✓ жерасты бөлігінің есебінен қалдықтарды сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.