Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында

Аудан әкімі Б.Ақжаров жұмыстардың жүргізілу барысымен танысты.

Кешен құрамында — заманауи оқу және зертханалық бөлмелер, өндірістік шеберханалар, кітапхана, асхана, спорт залы, акт және конференц-залдары бар. Бұл оқу мен тұру үшін ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда ішкі ұсақ жұмыстар жүргізілуде және маңай аумақ абаттандырылуда. Толық аяқталуы ағымдағы жылдың қараша айының соңына жоспарланған.