Қайрат шағын ауданындағы жол құрылысы

Қайрат шағын ауданындағы жол құрылысы

Шағын аудандағы коммуникациялар салынған көшелерде жолдарды асфальттау жұмыстары жалғасуда.

Кеше жұмыстар Time City тұрғын үй кешеніндегі жаңа мектепке жақын көшелерде жүргізілді.

Барлығы жоспарланған 25 учаскедегі жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталуы көзделген.

Асфальтбетон жабыны жолдың толық еніне төселеді, бұл инженерлік желілерді салу жобасы шеңберінде қарастырылған.