Алматы-1 теміржол вокзалын қайта жаңарту жобасы

Алматы-1 теміржол вокзалын қайта жаңарту жобасы

Аудан әкімі Б.Ақжаров жуырда Алматы-1 теміржол вокзалының аумағына іссапар жасалып, вокзал кешенін ауқымды қайта жаңартуға және жаңғыртуға арналған құрылыс жұмыстарының дайындық барысымен танысты.

Жоба вокзал кешеніндегі келесі негізгі нысандарды жаңартуды көздейді:

  • вокзал ғимараты;
  • жағалаулық және аралдық перрондар;
  • конкорстық өткел;
  • жер асты өткелі;
  • ішкі инженерлік желілер.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап техникалық тексеру жүргізілді, шілде айынан бастап бұзу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде. Желтоқсан айының басында материалдар мемлекеттік сараптамаға ұсынылады.

Алматы-1 теміржол вокзалы — қаланың негізгі көлік тораптарының бірі, 1974 жылы салынған және күніне 10 000-ға дейін жолаушыны қабылдайды. Бүгінде қала маңындағы бағыттарды қоса алғанда, вокзал арқылы 21 жұп пойыз өтеді.