Түрксіб ауданының әкімі Бахытжан Ақжаров ауданның қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді

Түрксіб ауданының әкімі Бахытжан Ақжаров ауданның қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді

ӨКҚ өткен брифингте аудан басшысы өзгерістермен, ағымдағы процестермен және алдағы жобалармен бөлісті.

Тезистер:

  • Инженерлік желілер.

Биыл ауданда 247 км-ден астам инженерлік желілер салынды.

Негізгі көлемі Шұақты, Альмерек, Төменгі Бесжылдық, Қайрат шағынаудандарына және бірқатар көшелерге тиесілі.

Жыл соңына дейін Маяк шағынауданында желілердің құрылысын және Төменгі Бесжылдықта 1 ҚНС-тің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Электрмен жабдықтау бойынша Қайрат және Альмерек шағынаудандарында желілерді жаңғырту аяқталды, Тұздыбастау қосалқы станциясын іске қосуға дайындық жүргізілуде, ондаған шақырым кабель желілері мен тіректер ауыстырылды, мыңдаған жарық шамдары жаңартылды.

  • Ескі тұрғын үйлерді реновациялау.

Ауданда ескі тұрғын үйлерді жаңарту жалғасуда:

– 8 учаскеде жұмыстар жүргізілуде;

– 30 ескі үй бұзылып, 17 жаңа үй салынды, 541-ден астам меншік иесі қоныстандырылды;

– тағы 165 көпқабатты үй салу жоспарланған, реновацияға 128-ден астам үй кіреді.

  • Әлеуметтік инфрақұрылым.

№59 мектеп-гимназиясы филиалының реконструкциясы және жатақханасы бар Телекоммуникациялар колледжінің құрылысы аяқталды.

Жыл соңына дейін Time City, Парасат, Altyn City және Jeti Qazyna тұрғын кешендерінде 6100 орынға арналған 4 мектептің құрылысын, сондай-ақ №50 мектепті сейсмикалық күшейтуді аяқтау жоспарлануда.

Көнеев ТК-да 260 орындық балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын.

Жас-Қанат шағынауданында ірі жоба – Шығармашылықты дамыту орталығының құрылысы басталды.

Медициналық нысандар бойынша биыл «Жұлдыз» шағынауданындағы №20 қалалық емханаға күрделі жөндеу жүргізілді, жыл соңына дейін екі нысан бойынша жұмыстар аяқталады: Айбасов көшесіндегі 200 келушіге арналған амбулатория және №4 ҚҚБ-нің қабылдау бөлімі.

Сонымен қатар, Намаган көшесінде 500 келушіге арналған емхананың құрылысы басталды, ол келесі жылдың тамызында аяқталады.

Аудан әкімі келесі жылы инженерлік инфрақұрылым нысандары, білім беру және медициналық мекемелер құрылысы, сондай-ақ ауданның дамуына бағытталған басқа да ауқымды жобалар жоспарланғанын атап өтті.